Абай тойына арналған онкүндік Қарауылтөбеде түйінделді, деп хабарлайды 24kz.
Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына 50 мыңнан астам адам жиналды. Он күн ішінде 100-ге жуық мәдени-спорттық шара өтті.
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Абай жұрты он күн бойы атаулы мерейтойды керемет көңіл күйде тойлады. Қарауылтөбеде 200-ден астам киіз үй тігіліп, 15 елден қонақтар келді. Бірнеше жерде көрмелер ұйымдастырылып, мәдени спорттық конкурстар мен «Бала Абайдан Дана Абайға» атты театрландырылған қойылым болды. Осынау үлкен, ауқымды тойды ұйымдастыруға 500-ден астам ерікті жұмылдырылды.
Бүгін жоспар бойынша Қарауылтөбеде 30 мың адам жиналатыны айтылған еді. Бірақ келген қонақтардың саны 50 мыңнан асып кетті. Барлық іс-шара «Желсіз түнде жарық ай» атты өнер жұлдыздарының гала-концертімен түйінделді.