Биыл егіс алқаптары жұмыстарына рекордтық қаржы бөлінді, деп хабарлайды 24kz.
Алғаш рет жиын-терімге 700 млрд теңге үлестірілген. Отандық ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне 250 млрд теңге берілді. Қаржыландыру былтыр қараша айында басталған. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл бағытқа арналған айналым қаражаты 5%-тік жеңілдікті мөлшерлемемен қаржыландырылады. Одан бөлек, министр егістікті әртараптандырып, жоғары мар-жиналды өнімді егіс алқаптары ұлғай-тылғанын жеткізді. Нақты айтсақ, бидай алқаптары 885 мың гектарға қысқарған. Ал жоғары өнім беретін майлы дақылдар алқабы 1 млн гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар 278 мың гектарға ұлғайған.