Владимир Путин Аляскада өтетін кездесу қарсаңында : «Ресей мен АҚШ өзара келісімге келуі мүмкін», — деп мәлімдеді.
Ядролық қаруды бақылауға қатысты ұсыныс Кремльде өткен жиында талқыланды. Ресей делегациясы мұндай қадам бүкіл әлемдегі бейбітшілікке ықпал етеді деп санайды. Сонымен қатар Путин Трамптың Украинадағы соғысты аяқтауға атсалысуға бейіл екенін атап өтті. Кездесу алдымен екі президенттің жеке сөйлесуімен басталып, кейін екі елдің делегациялары қосылады. Келіссөздер негізгі екі тақырып аясында өрбиді. Бұл – Украинадағы жағдайды реттеу жолдары мен маңызды халықаралық мәселелер. Кремль ешқандай ресми құжатқа қол қойылмауы мүмкін екенін де ескертті. Ал Трамп: «Кездесудің сәтсіз аяқталуына 25% ықтималдылық бар», - деп болжады. Кездесу сәтсіз өтсе, Ресейге жаңадан экономикалық санкциялар енгізілуі мүмкін.