Оқиға Түркістан қаласы Талас көшесінде орын алды, деп хабарлайды inbusiness .kz сайты.

Құтқару жұмыстарына Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының 1-МӨСБ бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Қуанышбек Руслан Бердалыұлы тікелей қатысты. Ол бүлдіршінді құтқару үшін тар әжетхананың ішіне түскен.

Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы алып шығып жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.