Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 млн тонна мұнай өңделді.

Оның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 млн тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл рекордтық көрсеткіш. "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асхат Хасенов мемлекет басшысының қабылдауында болып, ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берді. Қытайдың CNOOC (СиЭнОуОуСи) компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде. Президент геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.