Финалда ол 250,1 ұпай жинады .
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында 250,1 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.
Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Еске сала кетейік, Ислам Сәтпаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.