Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді. Брифинг барысында Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келіскен. Сонымен қатар, келіссөздер барысында цифрландыру және электрон үкімет саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланған.

Тараптар экономика саласын цифрландыру үшін тәжірибе алмасуға және ақпараттық байланысты күшейтуге уағдаласты. Мемлекет басшысы су-энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру мәселесіне айрықша тоқталды.

"Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану аймақтағы тұрақтылық пен орнықты дамудың маңызды факторына айналып отыр. Осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастырған жөн деп санаймыз. Біз барлық келісімді мүлтіксіз орындауға және стратегиялық маңызы бар бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget