Кассациялық сотқа 1 айда 5 мыңға жуық арыз-шағым түсті. Президенттің қабылдауында болған жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев осылай деді. Мекеме Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастаған. Сондай-ақ Президентке қылмыстық іс жүргізуде конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берілді.

Оңғар Алпысбайұлы