Қазақ-иордан дипломатиялық қарым-қатынасы 1993 жылдың 9 ақпанынан бастау алады, деп хабарлайды 24kz.
2007 жылдың сәуір айында елімізде Иордания Корольдігінің Елшілігі ашылды. Сол жылдың шілде айында Иордан елінде Қазақстан елшілігінің ашылу рәсімі өтті. Екі ел саяси ықпалдастықты арттыру үшін өз елшілерін де тағайындады. 2023 жылдың тамыз айынан бері Хамза Аль-Омари иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы елшісі саналады. Ал былтырдан бері біздің тараптан Талғат Шалтанбай Иорданиядағы елші қызметін атқарып жүр.
Айта кетейік, биыл 18-19 ақпан аралығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға ресми сапармен барды. Осы сапар барысында Мемлекет басшысы Иордания Королін еліміздегі жоғары мемлекеттік марапат – «Алтын қыран» орденімен наградтады.