Ақмола облысында атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Мән-жайы
Ұйымдасқан қылмыстық топ әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеумен айналысқан. ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері, сондай-ақ, банктердің (Kaspi Bank, ForteBank, Еуразиялық Банк, Jusan bank) қызметкерлері болған.
"5 жылдан аса уақыт бойы алаяқтық әрекеттер жасалған. Қылмыстың құрбаны болған 348 азамат бар. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгеге жеткен", — деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысы
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүліктер анықталған: Алматы қаласындағы пәтерлер, жер телімдері, қымбат көліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша.
"Тәркілен мүліктің жалпы құны – 2,7 млрд теңге. Топтың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп жазылған хабарламада.
Түпкілікті шешімді сот шығарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!