Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.
— Сенаттың қарауына Берік Нәжімиденовті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Ол тәжірибелі заңгер және қаржылық қадағалау саласының маманы. Президенттің Жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалды. Бұл тұрғыда оның басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату жөніндегі ұсынымды қолдауды сұраймыз, — деді Дмитрий Малахов.
Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.