Қазақстан мен Парсы шығанағы елдері арасындағы экономикалық ынтымақты дамытуда Астана халықаралық қаржы орталығының маңызы зор. Орталық арқылы стратегиялық әріптестіктер мен инвестициялық бастамалар қарқын алып, энергетика саласындағы ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қаржы форумында өткен сессияда шетелдік инвестор Абдулла Зайед арнамызға эксклюзив сұқбат берді. Ол Қазақстандағы жасыл энергетика жобалары еліміздің тұрақты даму жолындағы маңызды стратегиялық қадамы болатынын айтты.
Абдулла Зайед, «Masdar» компаниясының бас атқарушы директоры:
Астана қаржы орталығы бізге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біздің жоба өңірдегі ең ірі күн электр станцияларының бірі, оған Араб Әмірліктерінен ірі инвесторлар қатысып отыр. Қазақстанда жергілікті биліктің белсенді қолдауы бар, бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені Masdar салатын жел электр станциясы қазір Сіздің еліңізде 1 гигаватт қуат өндірсе, 2030 жылға қарай 100 гигаватқа дейін жеткізбек. Күн мен жел энергиясын біріктіретін кешенді жүйелерді жүзеге асырып, тәулік бойы үздіксіз энергия жеткізуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар Өзбекстан, Әзірбайжан сияқты елдерде жұмыс істеп, Қырғызстан мен Тәжікстан нарықтарын зерттеп жатырмыз.
Жамбылда жаңа жел электр станциясы салынып жатыр
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің әлемге әйгілі «Masdar» компаниясы Қазақстанға 1 млрд 400 млн долларға жуық инвестиция құяды. Бұл қаржыға Жамбыл өңірінде қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынбақ.
Ақмаржан Ғафизқызы