Ол президент болса , халық талқысынан өтпеген бірде-бір заңға қол қоймауға уәде етті.

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Ирландиядағы президенттік сайлауға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Ирландия азаматтары, қазір нағыз өзгерістер жасайтын уақыт. Президент болсам, мен халықтың талқысына ұсынылмаған бірде-бір заң жобасына қол қоймаймын! Егер маған дауыс бергіңіз келсе, онда дауыс беру қазірден басталады. Жергілікті жердегі сайлау округіне хабарласып, өзгерістерді талап етіңіз", – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)

Айта кетейік, Ирландияда президенттік сайлауы биыл 11 қарашада өтеді.

Конор МакГрегор қазір 36 жаста, ол Дублин қаласында дүниеге келген. ММА спортында ол 28 жекпе-жек өткізіп, 22-сінде жеңіске жетті.


Оқи отырыңыз:

Конора Макгрегора признали виновным в сексуальном насилии в Ирландии