Гонконг ғылым және технология университеті Гарвард студенттерін қабылдайды .

Жоғарғы оқу орыны білімді жастарға академиялық баспана ұсынып отыр. Таяуда Президент Дональд Трамп Гарвардқа шетелдік азаматтарды оқуға қабылдауға тыйым салды. Ал білім алып жатқандар басқа университетке ауысуға тиіс. Америкадағы қытайлық студенттердің 20 пайызы осы Гарвардта оқиды. Президент Дональд Трамп бұл шарамен ғана шектеліп қоя салмайды. Ол Гарвардты қаржыландыруды 3 млрд долларға қысқартпақ. Бұл туралы Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді. Оның сөзінше, қомақты қаржы Америкадағы басқа жоғары оқу орындарына бөлінеді. Дональд Трамп Гарвардтың білім беру және кадр мәселесіне араласпақшы. Алайда жоғарғы оқу орны басшылығы бұған жол бермей отыр.