Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған «Jarqyn Bolashaq» жобасы шеңберінде «Астана жастары» ресурстық орталығы көшелерде ақпараттық акция өткізді. Буклеттерді таратқан еріктілер лудоманияның зияны туралы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Астана жастары» орталығының маманы Алуа Балтабаеваның айтуынша, бұл буклеттер, әсіресе, жастарға таратылып жатыр. Олар лудоманияның барлық салдарын түсінуі керек.
«Біз үшін маңыздысы – тек тәуекелдер туралы ескерту емес, сонымен бірге көмек әрқашан қолжетімді екенін көрсету. Сондықтан біз қиын психологиялық жағдайда ойын тәуелділігінен зардап шеккен адамдарға хабарласа алатын ұйымдардың телефондары мен байланыс деректерін көрсетеміз», деді А.Балтабаева.