Қазақстанда кәмелетке толған, бірақ әрекетке қабілетсіз азаматтар үшін қамқоршылықты рәсімдеу процесі жеңілдетілді. Енді бұл қызметті eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады. Бұл жаңашылдық қағазбастылықты азайтып, жалған мәліметтер ұсыну қаупін төмендетеді. Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Отбасы» бөлімін таңдайсыз. Оның ішінде «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» тетігін басып, «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» бөліміне кіріңіз. Сол жерде «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, қажетті анықтамаларды толтырыңыз. Өтінішіңіз 19 жұмыс күні ішінде қаралады.
Ақниет Балтанова