Қазақстанда мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны арттыру туралы Президент Жарлығы жобасы әзірленді. Құжат 2026 жылғы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Жобаны Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысының 2026 жылғы 20 сәуірдегі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия мөлшерін арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында әзірлеген.

Жобаға сәйкес, төлем мөлшерін 55 айлық есептік көрсеткіштен 110 АЕК-ке дейін көтеру ұсынылып отыр.

Әскерилерге 425 мың теңгеге дейін көмек беріледі: Қорғаныс министрлігі төлем ережесін өзгертті

Құжат қабылданған жағдайда мәдениет саласы өкілдеріне қолдау шаралары кеңейіп, олардың әлеуметтік мәртебесі артады деп күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендияны 10-15%-ға арттыру жоспарланып жатқанын жазған едік.