Биыл шаһарда 387 953 шаршы метр аумақ гүлмен безендіріледі.


Бұл өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға көп. Оңтүстік астанада "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейтіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Негізгі бөлігі көпжылдық гүлзарлар мен бұталардан тұрады (72%), ал 28%-ы біржылдық өсімдіктерге тиесілі. Сонымен қатар қалада тік көгалдандырудың шамамен 10 мыңға жуық құрылымы орнатылады.

Гүл композициялары магистральдық көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде және жүргінші аймақтарында егілді. Көлік тораптары мен жолдардың бөлгіш жолақтарына ерекше назар аударылады.

Бағдарлама қаланың барлық ауданын қамтып, экологиялық ахуалды жақсартуға және алматылықтар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Бұған дейін Алматыны көгалдандыру үшін жеке тәлімбақ салынатынын жазған болатынбыз. Қазіргі таңда серіктестік тетіктері мен инвестиция тарту жолдары қарастырылып жатыр.