Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеген.


Күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, Орал қаласының тұрғыны полицияға арызданғаннан соң, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынуда.

Полиция департаменті күдікке ілінген қызметкер ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылғанын хабарлады. Сондай-ақ, ол тергеу аяқталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Полиция қатарында заң мен тәртіпті бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттерге қатысты қатаң шара қолданылады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Әзірге күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.