Қазақстанда қан құю қауіпсіздігін арттыратын жаңа цифрлық жүйе енгізілді.


Республикалық қан орталығында қан компоненттерін бақылауға арналған ScanQAN цифрлық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа технология қан құю процесінің қауіпсіздігін арттырып, адам факторы әсерінен болатын қателіктерді азайтуға бағытталған жүйеге сәйкес, қан компоненттерінің жапсырмаларына QR-кодтар енгізіледі. Медициналық қызметкер кодты сканерлеген кезде қан өнімі туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады.

"Цифрлық көмекші медициналық мамандарға клиникалық жағдайларда жылдамырақ бағдар алуға, әр қан компоненті бойынша кеңейтілген ақпарат алуға мүмкіндік береді. Оның ішінде көрсетілімдер, шектеулер және әртүрлі клиникалық жағдайларда қолдану бойынша ұсыныстар бар", – делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жүйе арқылы зертханалық талдау нәтижелері, қан компонентінің сипаттамасы, сақтау шарттары, қолдану ерекшеліктері және клиникалық ұсыныстар көрсетіледі.