Продюсер Баян Алагөзованың күйеуі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов егер "Қайрат" "Реал Мадридті" жеңсе, клубтың ойыншыларына бір-бір автокөлік сыйлайтынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баян Алагөзова күйеуінің уәдесін Instagram-парақшасында жариялады.
"10 күннен кейін сүйікті командамыз "Қайрат" пен "Реал Мадридтің" ойыны өтеді. Бүгін Алматы күнінде, мен өзге патриоттар секілді және туған күнім қарсаңында "Қайрат" командасы жеңіске жетсе, барлық ойыншыға бір-бір автокөліктен сыйлаймын деп уәде беремін. Алматы – бейбітшілік астанасы, "Қайрат" – чемпион!" – деді Тұрсынғали Алагөзов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)
Еске салайық, "Қайрат" "Реал Мадридпен" 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!