Шри-Ланкаға соққан «Дитва» дауылынан 607 адам қаза тапты. Тағы 214 адам із-түссіз жоғалып кетті.
2 миллион халық зардап шекті. Шамамен 67 мың үй зақымданды. Билік қауіпті аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, шығын көлемі жеті миллиард доллардан асады. Сарапшылар бұл оқиғаны ел тарихындағы ең жойқын апаттың бірі деп бағалап отыр.