Елімізде адам азғасын транспланттау және мәйіттік донорлық мәселесі жиі талқыланып жүр.

Қоғамда бұл тақырыпқа қатысты көзқарас қандай?

БЛИЦ:

1. О дүниелік болып кеткен адамның жерге кеткенше ең болмаса 2-3 адамға пайдасы тигені қандай жақсы? — Мұның бәрін жұртқа түсіндіру керек. Біз сияқты кісілер көп біле бермейміз ғой. Бірақ көзіміз ашық, көреміз. Тыңдаймыз. Негізінде соны насихаттаған дұрыс.

2. Қазіргі таңда шынымен де елде 4,5 мың адам осы донорлық кезекте тұр. Бұл сан одан сайын арта береді. Ешкім бұл жағдайдан қауіпсіздендірілмеген. Әр түрлі жағдай. Бірінде туа бітті, бірінде жүре пайда болатын сырқаттар болады.

3. Қаны бір, бір-біріне сәйкес келеді. Мәйіттік сәйкес келмейді, отторжение беруі мүмкін көп уақытта. Қайтыс болған адам, 5 адамның өмірін құтқарып қала алады. Ойланып көру керек.

4. Шариғат бойынша рұқсат етілсе, мын шын мәнінде қарсы емеспін. Өйткені қаншама отандасымыз, бауырларымыз, қарындастарымыз донорлыққа мұқтаж болып жатыр. Сіз жақыныңызды құтқару үшін келісер ме едіңіз? — Әрине.