Белгілі «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі, әнші Алдияр Жапархан әке атанды деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Қуанышты жаңалықпен өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бөлісті.Әнші жариялаған жазбада сәбидің дүниеге келгенін мәлімдегенімен, әзірге баланың жынысы мен аты-жөні туралы нақты ақпарат берілмеді. Дегенмен, желі қолданушылары мен жанкүйерлер арасында нәресте қыз бала болуы мүмкін деген сыбыс тарауда.
Айта кетейік, бұл Алдияр Жапархан мен жұбайының алғашқы перзенті. Желіде өнер иесін құттықтаған жылы лебіздер мен ақ тілектер көптеп жазылып жатыр. Жанкүйерлері жас отбасыға зор денсаулық, шаттық пен береке тілеп, қуаныштарына ортақтасуда.