"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Отбасы банкке" сілтеме жасап.

"Отбасыбанктің" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 маусымнан бастап "Алматы жастары" бағдарламасына өтінім қабылдау басталады.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • несие сомасы — 20 млн теңгеге дейін
  • пайыздық мөлшерлеме — 5 пайыз
  • бастапқы жарна — 10 пайыз
  • бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алуға болады.

Қатысу шарттары:

  • қатысуышының жасы 35-тен аспауы керек
  • Алматы қаласында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеуі болуы қажет
  • соңғы 5 жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы тиіс
  • Алматы қаласында кемінде 6 ай ресми еңбек өтілі болуы керек
  • міндетті зейнетақы жарналарының болуы қажет.

Өтінім қабылдау 1 маусым сағат 09:00-ден 15 маусым сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, өтінім беру kezekte.kz порталы арқылы жүзеге асады. Порталға кіру үшін ЭЦҚ қажет.

Баспана news

  • Қазақстанда тұрғын үй сатылымы күрт өсті: қай қалаларда пәтерлер жоғары сұранысқа ие
  • Балаева: Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады
Больше по этой теме

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз