Желіде Астана тұрғындарының LRT-ның ресми түрде іске қосылуына дайындалып жатқан сәтінен фотосуреттер мен видеолар тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бірнеше күн бұрын біз LRT-ны іске қосу осы демалыс күндеріне, 16-17 мамырда жоспарланғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін әкімдіктің Instagram аккаунтында қала тұрғындарын LRT-ның іске қосылуымен құттықтайтын жазба жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ʙᴇᴋꜱꜱᴜʟʟᴛᴀɴ | обучение | мобилограф (@bek.nury)
Видеодан жолаушылардың станциялардың ішінде эскалаторларды пайдаланып жүргенін байқауға болады.
"Астана — Что? Где? Когда" Telegram арнасында "Университет" станциясында ұзын-сонар кезек түзілген сәттен видео жарияланды. Видео авторының айтуынша, тұрғындар мұнда LRT-ға отырып көру үшін жиналған.
Станцияда түзілген кезектің фотолары Astanovka98 Telegram арнасында да жарияланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз