Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астанадағы LRT жүйесімен қатынау үшін карта берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 16 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялы карта берілді. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде "Әуежай" станциясынан мініп, "Ұлттық музей" станциясына дейін жетіп алды".
Бұған дейін президент Astana LRT жұмысын іске қосқаны хабарланған.