ТЖМ қызметкерлері Самарқан су қоймасында ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Қарағанды облысының 112 пультіне Теміртау қаласында, Песчаная коса ауданында ер адамның қайықпен аударылып, суға түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, ер адамды судан шығарып, әрі қарай медициналық тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
- ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
- құтқару кеудешесін киіңіз;
- техникалық жарамды қайықтарды ғана пайдаланыңыз;
- қатты жел кезінде суға шықпаңыз.