Қызылордада «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ауқымды #Жаттығу акциясы өтті. Іс-шара бір мезетте Қызылорда қаласында және Қазақстанның 30 өңірінде ұйымдастырылған, деп хабарлайды ұйымның өңірлік штабы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Акция аясында ұйымдастырушылар қаладағы жаттығу алаңына спортшылар мен бапкерлерді арнайы шақырып, балалармен бірге ашық форматта спорттық жаттығулар өткізген. Қатысушылар түрлі ойындарға қатысып, кәсіби спортшылардың ақыл-кеңесін тыңдап, пайдалы тәжірибе алған.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және аула спорты мәдениетін дамыту.

«Бізге бекітілген жаттығу алаңына қаламыздың спортшы-бапкерлерін арнайы қонақ ретінде шақырып, алаңдағы бүлдіршін балалармен бірге спорттық жаттығулар өткіздік. Балалар кәсіби спортшылармен бірге түрлі ойындарға қатысып, олардың ақыл-кеңесін тыңдап, пайдалы тәжірибе алды», – деп жазды ұйым өкілдері.

«Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Қазақстанның бірнеше қаласында жұмыс істейді. Ұйым жастарды қоғамдық өмірге тарту, патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында түрлі әлеуметтік акциялар өткізіп келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дала Қырандары | Қызылорда қаласы өңірлік штабы (@qyrandary_kyzylorda)