Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеулер 17 мамыр күні сағат 16:00-ден 18 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін енгізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.