Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ол 20 мамырда өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

Айта кету керек, бұл осы айдағы парламент палаталарының үшінші бірлескен отырысы. Отырыстардың бірі 8 мамырда өтті, онда президент, құрылтай мен сайлау туралы конституциялық заңдар талқыланды.

Заңдарды талқылау 15 мамырда өткен отырыста жалғасты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз