Өзбекстан астанасы Ташкентте WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста жеті медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені келесі спортшылар иеленді:
- Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін),
- Абдулла Мамай / Ноила Ханиязова (аралас жұптық разряд, 19 жасқа дейін),
- Аделя Әлжанова (11 жасқа дейін).
Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) жеңіп алды.
Қола жүлдегерлер:
- Дарья Гамова (19 жасқа дейін),
- Алексей Маркин (15 жасқа дейін),
- Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін).