Оңтүстік Корея ит етін өндіру саласын толықтай жабуға кірісті. Бұл салаға қатысты толық тыйым 2027 жылдың 7 ақпанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ит етін өндіруге тыйым салатын заң 2024 жылы қабылданған. Ал 2027 жылдың 7 ақпанынан бастап құжат толық күшіне енеді. Осы күннен бастап елде:
- ит өсіруге;
- ит союға;
- ит етін сатуға;
- тағам ретінде пайдалануға арналған иттерді таратуға тыйым салынады.
Оңтүстік Кореяның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауыл істері министрлігінің мәліметінше, елдегі арнайы ит фермаларының 80 пайыздан астамы қазірдің өзінде жабылған.
1537 шаруашылықтың 1265-і жұмысын тоқтатқан. Қазіргі уақытта 272 ферма ғана қалған. Олар жаз мезгілінде тексерістен өтеді.
"Ферма иелеріне белгіленген мерзімдер, айыппұлдар және бизнесті жабуға байланысты өтемақы төлемдері туралы ескертіледі", – делінген министрлік хабарламасында.