2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:
- 2018 — 375 926 адам
- 2019 — 399 357 адам
- 2022 — 432 457 адам
- 2023 — 619 200 адам
- 2024 — 660 000-нан астам адам
Ең танымал спорт түрлері:
- қазақша күрес,
- тоғызқұмалақ,
- асық ату,
- көкпар,
- бәйге,
- теңге ілу,
- жамбы ату,
- аударыспақ,
- құсбегілік,
- дәстүрлі садақ ату,
- жекпе-жек және басқа да түрлер.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.