Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстан әуежайларында азаматтардың қандай биометриялық деректері тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, әлемде негізінен саусақ іздері мен көздің тор қабығы қолданылады.
"Авиацияда қолданылатын негізгі екі параметр – осы. Пилоттық жобаны да осы бағытта іске асырамыз. Рейске тіркелу жеке куәлікті көрсету арқылы емес, биометриялық деректер арқылы жүзеге асады", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сауранбаев авиация саласын цифрландыру жоспарлары туралы айтып, ішкі рейстерде биометриялық жүйе енгізілетінін мәлімдеген болатын.