Бұл мақсатта Қаржылық мониторингі агенттігі "Заң және тәртіп" нормативі аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған мультфильмдер циклын іске қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мысалы, бүгін Балаларды қорғау күніне орай қалың көрермен арасында танымал болған "Қошқар мен Теке" мультфильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты. Бұл серия қаржы пирамидалары тақырыбына арналған. Балалар сүйіп көретін кейіпкерлер көрермендерге алаяқтық схемаларды қалай анықтап, өздерін және жақындарын қаржылық алдаудан қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.
"Мультфильмдер циклы балалар аудиториясына бағытталған және өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруды мақсат етеді. Келесі бөлімдерде лудомания, дропперлер, интернет-алаяқтық, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды", — делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.