Өзбекстанда нөсер жаңбыр салдарынан туындаған селге байланысты тұрғындар эвакуацияланып, тасжолдар жабылды. Кей ауданда жолдар мен тұрғын үйлердің аулаларын су басты, деп хабарлайды Gazeta.uz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Өзбекстанның түрлі аймағында осы аптада нөсер жаңбыр салдарынан сел жүрді. 21 мамырда "Өзгидрометтің" мәліметінше, бұл құбылыс Ташкент, Жиззах, Қашқадария, Навои, Сұрхандария және Самарқан облыстарында байқалды.

Навои облысының Хатыршы ауданында сел ағыны төрт автокөлік пен бірнеше тұрғын үйді зақымдаған.

Ангидон, Лангар, Каттасай және Майдон ауылдарының маңында тұратын тұрғындар уақытша қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Кармана ауданында сел тасқыны жеті үйдің ауласы мен құрылыстарына зиян келтірді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз