Астанада бастауыш сынып мұғалімі салмағы 13,5 тонна болатын автобусты жалғыз өзі сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұстаздың рекорд орнатқан сәтінен видеоны "Хабар" арнасының журналисі Назгүл Пахман Instagram парақшасында жария еткен.
"№50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова №1 Автобус паркінде салмағы 13,5 тонна болатын автобусты 15 метрге сүйреп, жаңа рекорд жаңартты", — делінген журналистің жазбасында.
Видеода журналист 55 жастағы мұғалімнің автобусты сүйреген сәтінің куәсі болып, оны құттықтап, сұрақтар қояды.
Рекорд орнатқан Айгүл Ержанова журналистке сұхбат беріп, бұл жеңісін мектеп бітіруші түлектерге арнайтынын жеткізді.
"Арманымның орындалғанына қуаныштымын. Осы орнатылған рекордты мектеп бітіріп жатқан түлектерге сәтті сапар ретінде арнаймын", — деді ұстаз.
Сонымен қатар ол жаттығуларын мұнымен тоқтатпайтынын айтты.
Желі қолданушылары мұғалімге ақ тілектері мен құттықтауларын жаудырып жатыр.
"Айгүл ханым! Қазақтың батыр ханшайымы! Керемет, жарайсыз, құтты болсын! Рекордтарыңыз жаңара берсін!", "Не деген керемет! Құтты болсын, Айгул ұстаз! Жай қарағанда сізді осындай қара күштің иесі демейсің. Текті ата-ананың перзенті! Аман болыңыз!", "Барлық жігітке үлгі", — деп жазды пікір қалдырушылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Назгүл Пахман (@naz_pahman)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз