Ол бұған дейін әйгілі Chelsea F.C. клубынан шақыру алған еді.
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады.
Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жүрген Дастан Cәтпаев жас болса да, өзінің еңбекқорлығы мен талантының арқасында көпшіліктің назарын аударып үлгерді. Оның футболға деген ерекше ынтасы мен табандылығы халықаралық деңгейде бағаланып, Англияның әйгілі Chelsea F.C. клубының назарын өзіне аударды. Жас спортшының шетелдік клуб тарапынан шақырту алуы – қазақ футболы үшін тарихи әрі қуанышты жаңалық.
Қазақ спорт және туризм академиясы президенті Қайрат Закирьянов Дастанға грант табыстай отырып, білім мен спортты қатар алып жүрудің маңызын ерекше атап өтті. Академия тарапынан көрсетілген бұл қолдау – жас спортшының болашағына жасалған инвестиция ғана емес, дарынды жастарға берілген үлкен мүмкіндік.
Дастан Сатпаев бүгінде көптеген жасөспірімдерге үлгі. Оның жетістігі – арманға адалдықтың, тынымсыз еңбектің және ел сенімін ақтаудың айқын көрінісі.
Оқи отырыңыз:
Футболшы Дастан Сәтпаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды