Жақында қытайлық Meng Xiaoyi стартапы үй жануарларына арналған жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін аудармашы құрылғысын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Dexerto басылымының мәліметінше, аударма дәлдігі 95%-ға дейін жетеді.

"Жаңа құрылғы жануардың мойнына тағылатын арнайы қарғыбау түрінде жасалған. Ол иттер мен мысықтардың дыбыстары мен қимыл-құлқын талдап, алынған мәліметтерді адам тіліне аударады", – делінген жарияланымда.

Ақылды қарғыбаудың сатылымы мамыр айының соңында басталады.

Chinese startup Meng Xiaoyi claims it has created a pet translator that turns animal sounds and behavior into human speech

The $118 AI collar allegedly has 95% accuracy and already has 10,000 preorders pic.twitter.com/n5JHDC48t2

— Dexerto (@Dexerto) May 23, 2026

Алайда стартап өкілдері құрылғыға сұраныс жоғары екенін айтқанымен, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа күмәнмен қарауда. Көпшілік компанияны алдын ала "алаяқтықпен айналысып отыр" деп айыптап, мұндай ЖИ-аудармашыға сенбейтіндерін білдірді.

Бұған дейін BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынғанын жазғанбыз.