"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының соңғы аптасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республика аумағында жел күшейеді", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Болжам бойынша, нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел:
- 27 мамырда – батыс өңірлерде,
- 27-28 мамырда – оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда,
- 28 мамырда – солтүстік және шығыс өңірлерде болжанып отыр.
Сондай-ақ 26-27 мамыр түндерінде елдің шығысында ауа температурасы -2°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері күндізгі ауа температурасы біртіндеп төмендейді:
- батыста +16…+28°C,
- солтүстік пен орталықта +18…+25°C,
- шығыста +23…+30°C,
- оңтүстікте +20…+27°C шамасында болады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы күндері ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған еді.