Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар 473 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 472,48 теңге болды.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен 25 мамырға арналған ресми доллар бағамы – 470,8 теңге.
Ал Kurs.kz сервисі ұсынған мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы 471,44 теңге болса, сату бағасы 473,42 теңгеге жеткен.
Астана қаласында доллар орта есеппен 467,99 теңгеден сатып алынып, 474,99 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында АҚШ валютасының сатып алу бағасы 472,02 теңгені, сату бағасы 474,02 теңгені құрады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк ескі 10 000 теңгенің айналымдағы мерзімін бір жылға ұзартты