Бөлімдер
Жаңалықтар

Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 27 мамырда хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін 27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған едік.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.