Астана қаласының Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты 7-11 маусым аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады.
"Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада Бурабай көшесінің бір бөлігі екі аптаға жабылатынын жазғанбыз.