Ақтаудағы №35 балабақшаның тәрбиешісі үш жастағы балаға қатыгездік көрсетіп, оған зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Баланың ата-анасы ұлдарының тәрбиешінің тарапынан жәбір көргеніне кәміл сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz порталының жазуынша, бірнеше ай бойы баланың мінез-құлқындағы өзгерістер — истерика, қатты дыбыстардан қорқу және балабақшаға барудан бас тарту байқалған соң, анасы 14 мамыр күні топтағы бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетуді сұрап, қандай да бір орынсыз әрекет болмағанына көз жеткізгісі келген.

Әкесінің айтуынша, видеоға тәрбиешінің зорлық-зомбылық көрсеткен бірнеше сәті түсіп қалған: басынан ұрған, шымшыған, ұрып-соққан, баланы жалаңаш әжетханаға апарып, қараңғы жерде 20 минут ұстаған.

"Мен тек мынаны айттым: "Бұл адамды заң бойынша жұмыстан шығару керек, ол енді ешқашан кішкентай балалармен жұмыс істемеуге тиіс". Біз басқа балаларға зияны тигенінін қаламадық. Қазір біз тозақтан өтіп жатырмыз – психиатрлар, логопедтер, баламыз ересектермен байланыстан барынша қашады. Дәрігерлер баланы түзету балабақшасына ауыстыруды ұсынып отыр. Мұндайды ешкімнің басына бермесін", — дейді әкесі.

Zakon.kz редакциясы жағдайды нақтылау үшін Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.