Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз бір күн» челенджі басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen .kz.
Экосана мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара бүгін, 4-маусым күні бойы жалғасады.
Челлендждің шарты бір күн мүмкіндігінше жеке көлікке отырмай, балама көлік түрлері велосипед, қоғамдық көлік, электросамокатты пайдалану немесе жаяу жүру.
Министрлік челенджге үн қосып, бүгінгі экокүнделігіңізді фото-видеоға түсіріп, #ТазаҚазақстан және #АвтокөліксізКүн хештегімен әлеуметтік желіге жүктеуге шақырады.