Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаза тапқан балалардың ең үлкені небәрі бес жаста болған7

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында болды. Жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде жеткенімен, балалардың барлығы ес-түссіз жатқан. Шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиға орнына келгенде үйдің ішінде 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз ашық жалынмен жанып жатқан. Шақырту орнына облыстық ТЖД басшылығы, өрт сынақ зертханасы, тергеу бөлімі және психолог барды, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.