Сенат кулуарында қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов Батыс Қазақстан облысынан табылған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың кімге тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сұрақ өзекті. Бұл сұраққа Қорғаныс министрлігі бірнеше рет жауап берді. Басқа құқық қорғау және арнайы органдар қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, Батыс Қазақстан облысының аумағында табылған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көпшілігі дерлік, 90 пайыздан астамы Ресей Федерациясының Бас ұшу сынақ орталығының шекарасының шегінде орналасқан. Ол орынды, бұл олардың полигоны, ал осы полигонның үстіндегі әуе кеңістігін осы сынақ орталығы пайдаланады", — деді Сұлтан Камалетдинов.

Сонымен қатар журналистер Батыс Қазақстан облысынан табылған ұшқышсыз ұшу аппараттарын нақты кім ұшырғанын нақтылап сұрады.

"Өзінің ұшқышсыз ұшатын аппараттарын ұшырып, сынақтан өткізетін Ресей Федерациясы", — деп жауап берді спикер.