Экология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2025 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалау құжаттамалары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататыны толықтырылды.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оларды іске асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын немесе көрші мемлекеттердің, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінің мүдделеріне әсер ететін шаруашылық қызмет жобалары.
Сондай-ақ, тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізудің тәртібі мен механизмі Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістемесі бойынша айқындалады.
Сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың оң нәтижесі мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру болып табылады. Қорытындыда "келіседі" деген тұжырым көрсетіледі.
Бұл ретте, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген, дәлелді ескертулер жойылмаған жағдайда, сондай-ақ Қағидаларға 5 және 6-қосымшалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы шығарылатыны қосылды.Экологиялық сараптама жүргізу ережелері өзгерді
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру нәтижесі "мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады" деген қорытындымен Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Жарнама берушінің сайтында қосымша ақпарат
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 25 жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді:
- мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы ескертулер болмаған жағдайда "келісіледі" деген қорытындымен;
- ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда пысықтау үшін.
- Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жойған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 10 жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген қорытындымен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды.
Бұйрық 2025 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.