Астанадағы амфитеатрда «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Өнер ұжымы дәстүрлі күй мен халық әндерін заманауи авторлық өңдеуде орындап, ұлттық мұраны жаңаша үлгіде көрсетті.

Концерттік бағдар­ламада жаңа туындылар мен экск­лю­зивті музыкалық композиция­лар ұсынылып, ансамбль әртіс­­те­рінің шеберлігін айқын көр­сететін бірегей музыкалық әуен­дер орындалды.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Айзат Қарабек, Ерболат Шал­дыбеков, халықаралық кон­­курстардың лауреаты Жанту Да­дабаев қатысты.

Айта кетейік, мәдени жо­ба «Қа­зақконцерт» мем­лекеттік ака­де­миялық кон­церт­тік ұйы­мы ұйымдас­тыр­ған «Grand fest» музыкалық фестивалі аясында концерттік бағдар­ла­ма­лар сериясының бір бөлігі болды.

Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасы, жанды музыка және жанрлық ерекшелік – бар­лығы да түрлі буын өкіл­дерін өнер ай­наласына топ­тастыратын жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қа­лыптастырды.